Accessibility links

Ирақта тағы да екі американдық солдат опат болды.


Бағдад. Ирақтағы Америка әскерінің өкілінің айтуынша өткен түні Бағдадта болған шабуылда екі америка солдаты опат болып, төртеуі жарақаттанған. Оқиға америка солдаттарының түнгі күзетке шыққан кезінде орын алған. ҚШ президенті Дж. Буш америка әскеріне болып жатқан шабуылдар біздің Ирақты демократияландыруға деген бағытымыздан қайтара алмайды деді:

"Ирақтағы террористер бейкүна жандарға болып жатқан шабуылдар біздің бетімізді қайтарады деп сенеді. Олардың сенгені сол. Олар Америка бұл қиындықтардан кейін тұра қашады деп сенеді. Олар қателеседі. Американдықтар қашатындардан емес."
XS
SM
MD
LG