Accessibility links

Қазақстанның табиғат қорықтарын қалпына келтіруге БҰҰ-ының Даму бағдарламасынан 8 млн. доллар қаржы бөлінді.


ҚАРАҒАНДЫ: Қазақстанның табиғат қорықтарын қалпына келтіруге БҰҰ-ының Даму бағдарламасынан 8 млн. доллар қаржы бөлінді. Қарағандылық үкіметтік емес “Экомузей” ұйымы директорының орынбасары Юрий Калмыковтың Қазақстан тудэй агенттігіне хабарлағанындай, ол қаражат Көкшетау өңіріндегі Наурызым және Қарағанды мен Ақмола облыстарының шекарасындағы Қорғалжың сынды теңдессіз қорықтарын қалпына келтіруге бағытталып отыр. Бөлінген қаржыға қорықтардың күзет жүйесі қалпына келтіріліп, ғылыми жұмыстар қайта жалғастырылмақ. Сондай-ақ қорықтардың жан-жануарлары санын толықтыру мен өсімдік әлемін қайта түлетуі үшін Қорғалжың қорығында биоқор жасау көзделуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG