Accessibility links

Американ әскерилері Ирақта алдағы жылдада қалатын болады.


Бұл жөнінде АҚШ-тың қарулы күштер штабы басшыларының басшысы, генерал Ричар Майерс мәлімдеді. Ол бірақ, жақын айларда Ирақтағы Америка әскерінің саны қысқаратыны туралы нақты ештеңе айтпады. Калифорниядағы әскери базада кеше сөйлеген сөзінде Ричар Майерс, бүгінде коалиция күштерімен 70 мың ирақтық белсенді түрде бірлесіп қимыл жасап жатқанын айтқан. Ирақтың Фаллуджа қаласында болған қарулы шабуылдың салдарынан 1 американ жауынгері өліп, 5 еуі жараланған. Ирақтағы әскери операциялар аяқталды деп мәлімденген мамыр айынан бері онда АҚШ тың жүз әскері қаза болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG