Accessibility links

Гүржістан Патламентіне сайлаулардың алғашқы қорытындысы жарық көрді.


Ол бойынша, ел басы Шеварднадзенің мүддесін қорғаушы “Жаңа Гүржстан үшін” атты блок 28 пайыз дауыс жинақтаған. Оппозициялық партиялар болса, сайлау барысында орын алған заңсыздықтар үшін өкіметті кіналап отыр. Олардың көрсеткен проблемаларының қатарында кейбір сайлау бөлімшелерінің кешігіп ашылуы, тіпті қайбірінің жабық болуы және кейбір сайлаушылар фамилияларының тізімде болмай шығуы да бар. Сайлау комиссиясы өкілдерінің сөзіне қарағанда, Ұлттық қозғалыс 23 пайыз дауыс жинап, екінші орынға шыққан. Одан кейін 16 пайыздық көрсеткішпен Еңбек партиясы келеді. Парламенттегі 235 орын үшін 21 партиялар мен одақтар атынан үміткерлері бақ сынасты.
XS
SM
MD
LG