Accessibility links

П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің жатақханасында шыққан өрттің салдарынан кем дегенде 9 адам қаза болып, аз дегенде 80 кісі отқа күйді.


МӘСКЕУ: Мәскеу қаласындағы Патриса Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінің жатақханасында шыққан өрттің салдарынан кем дегенде 9 адам қаза болып, аз дегенде 80 кісі отқа күйді, олардың арасында Қытай, Бангладеш, Вьетнам және Африка елдерінің студенттері бар. Өрт сөндірушілердің мәліметтері бойынша, Миклухо-Маклай көшесінде орналасқан ескі 5 қабатты жатақхананың 2 және 3-інші қабатарындағы бөлмелер өртенуде. Отпен өрт сөндіретін 50 шақты мәшине күресуде. Өрт шыққан жерге 27-ға жуық “дәрігерлік жедел жәрдем” мәшинесі келді. Қазір оттың жалыны басылды.
XS
SM
MD
LG