Accessibility links

“Ғасыр дерті” деп аталған СПИД ауруына шалдыққан Қазақстан азаматтарының 65,7 пайызы – 15 пен 29-дың арасындағы жастар.


АСТАНА: “Ғасыр дерті” деп аталатын СПИД ауруына шалдыққан Қазақстан азаматтарының 65,7 пайызы – 15 пен 29-дың арасындағы жастар. СПИД-ке қарсы күрестің Дүниежүзілік күні қарсаңында салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары бойынша Ұлттық Оралық осындай мәлімет жариялады. 2003-інші жылдың 1 қарашасына қарай Қазақстанда СПИД жұқтырған 3,8 мың оқиға және СПИД-пен ауырған 140-тан асатын сырқат тіркелген. Алайда Ұлттық Орталық мамандарының ақпары бойынша, аурулардың дәл саны одан 10 есе көп көрінеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда СПИД жұқтырған 200 жүкті әйел мен 80 сәби тіркеліп отыр.
XS
SM
MD
LG