Accessibility links

Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысын тіркеу мәселесі шешілмей келеді


Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысын Әділет министрлігі сан түрлі себептермен тіркеуден өткізбей келеді. Бұл жөніндуе қозғалыс саяси кеңесінің мүшесі Петр Своик пен Атқару комитетінің хатшысы Бақыт Түменова жұма күні тағы мәлімдеді.

- Билікке тиімді партиялрды Қазақстанда еш кедергісіз, тез арада тіркей салатынына көзіміз жетті. Ал ДТҚ-ны қанша талпынсақ та қасарысып тіркемей отыр, - дейді Петр Своик.

- Осының салдарынан біздің қозғалыс мүлдем жұмыс істей алмауда. Біздің кез-келген іс-шарамыз заңсыз деп танылып, еркін қимылдай алмаудамыз, - дейді Бақыт Түменова.

2002 жылы 8 қаңтарда ДТҚ Әділет министрлігінен уақытша тіркеу қағазын алған еді. Оның мерзімі бір жылға берілген болатын. Осы уақыт аралығында қозғалыс республика облыстарының жартысына жуығын сол аймақтарда тіркете алса, яғни қозғалыс филиалдарын ашса, онда толық тіркелуге мүмкіндік алады делінген болатын. Алайда аймақ, облыстарда түкке тұрғысыз сылтауларды айтып, жергілікті бөлімшелерді тіркеуден бас тартқан. Бақыт Түменова осылай деп бірқатар дәлелдер келтірді. Қозғалыс отыздан аса мәрте құжаттарын апарғанымен, ешқандай оң нәтиже болмаған. Осыған байланысты қозғалыс өкілдері істі сотқа беріп, аймақтардағы бөлімшелерді заңсыз тіркемей отырғандықтан, уақытша тіркеуді тағы да созуды сұраған. Алайда сот олардың талаптарын қанағаттандырмады. Бақыт Түменованың айтуынша, қозғалысты ДВК-1, ДВК-2, ДВК-3, ДВК-4 деп , яғни Демократия-сайлау-Қазақстан, немесе Қазақстанға демократиялық билік деп, осындай түрлі атаулармен де ұсыныс жасап, әрекеттенген. Одан да нәтиже шықпады.

Осыдан кейін қозғалыс басшылары сотқа шағымданбақ та болды. Алайда, тағы бір мәрте әрекет жасап көру жөнінде шешімге келіп отыр.

Бақыт Түменова бұл жөнінде осылай деп ойын ортаға салды.
XS
SM
MD
LG