Accessibility links

Жітіқарада алтын руднигі ашылды Желтоқсанның 10-да Қостанай облысының Жітіқара қаласында бірінші алтын руднигі ашылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Жаңа кәсіпорынның тұсаукесеріне облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев қатысып, қонақтар мен журналистер назарына алғашқы алтын құймалары көрсетілді. Соңғы жылдар тоқырауға ұшыраған аудандар қатарында болып келген Жітіқара қаласындағы бұл жаңа кәсіпорын жұртшылықтың жақсы өмірге деген үміт отын қайта жағып отыр.
XS
SM
MD
LG