Accessibility links

Ширин Ибади Нобель сыйлығын алған тұңғыш мұсылман әйелі.


Иран құқық қорғаушысы Ширин Ибади Нобель сыйлығын алған тұнғыш мұсылман әйелі. Сыйлық тапсыру салтанаты бейсенбі күні Осло қаласында өтті. Сыйлық Ибади ханымға оның Ирандағы әйел мен бала құқының бұзылуына қарсы күресі үшін берілді.

Бейсенбі күні Ослада Нобель сыйлығын алау салтанаты үстінде сөйлеген сөзінде Иран құқық қорғаушысы Ширин Ибади ханым

21 ғасырды зорлық-зомбылық, соғыстардан құтқару үшін адам құқы үшін күресуден өзге жол жоқ деді.

Өз елі Ирандағы кейбір кертартпалар Америка- Израил агенті деп күйе жаққан Ширин Ибади ханым Нобель сыйлығын алу салтанаты үстінде кейбір елдер 11 қыркүйек оқиғасын адам құқын таптау үшін пайдалануда деп жанамалап Американы сынады:

"Соңғы екі жылда кейбір мемлекеттер 11 қыркүйек оқиғасына орай халықаралық терроризмге қарсы күрес дегенді желеу етіп адам құқықтарын бұзды."

Сондай-ақ, Ибади ханым ҚШ сыртқы саясатына да шүйлікті. ҚШ –ның Кубадағы Гуантанамо Бей түрмесіндегі тұтқындар жағдайына тоқталды:

"Гуантанамо Бей түрмесіне апарып қамалған тұтқындар Женева конвенсиясы, Адам құқықтары жөніндегі Жалпы декларация және БҰҰ адам құқықтары жөніндегі міндеттемелері берген жеңілдіктерді пайдалана алмай отыр."

Бүгінде 56 жастағы заңгер Ширин Ибади ханым Иранда орын алған Ислам төңкерісінен кейін өзінің судиялық қызметінен қуылған болатын. Содан кейінгі өмірін Ибади ханым Иран әйелдері мен балалары үшін, олардың құқы үшін күреске арнады. Сөйтіп ол ирандықтардың ұлттық мақтанышына айналды. Кейбір бақылаушылар Ибади ханымның Нобель сыйлығын алуы Ирандағы адам құқы үшін күреске күш береді дем береді деп біледі. Ирандағы адам құқықтарының жағдайына халықаралық қауымдастық бұрынғыдан да жіті назар бөледі деп біледі.

"Бұл сыйлық тек Иран әйелдерінің ғана емес, оның сыртында- дағы да әйел қауымының өз-өзіне деген сенімін нығайтпақ. Әсіресе Ислам елдеріндегі әйелді кемсіту құралына айналып отырған патриархалдық жүйе мәңгі жалғаса беруге тиіс емес."

Дей отырып Ибади ханым Ислам дінін қорғап сөз сөйледі. Ислам қағидалары адам құқы мен демократиялық қағидаларға қайшы келмейді деді:

"Кейбір мұсылмандар адам құқықтары мен демократия ислам қағидаларына, ислам қоғамының дәстүрлі қағидаларына қайшы келеді дегенді желеу етіп деспоттық үкімет дегенді ақтайды."

Осыдан бірер бұрын Ибади ханымға Нобельдік сыйлық беру жөнінде шешім қабылданғаннан кейін Иранда оның өміріне қауіп төндірген өлтіреміз деген қоқан-лоққылар болды. Алайда Ибади ханым Ирандағы адам құқықтары майданындағы шайқасын тоқтатпайтынын мәлімдеп отыр. Ширин Ибади ханымға бейсенбі күнгі Ослада өткен Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты жөнінде і Ирандағы мемлекеттік ақпарат құралдары жұмған ауыздарын ашпастан қалды.
XS
SM
MD
LG