Accessibility links

Кеше Бағдадтың орталығында қуатты жарылыстардың дауыстары естілді.


Жаңалықтар агенттігі жарылыс дауыстары АҚШ бастаған әкімшілік орналасқан жақтан естілген деп хабарлайды. Дабыл қағылып, аспанды түтін торлаған, жарылыс себептері бірден анықталмаған. Кеше ертеңгісін Ирақтағы Америка жасақтарына жарылғыш затпен шабуыл жасалғанда бір әскер қаза тауып, 14-і жараланған. Рамади қаласында жасақтар қақпасы алдында машинада болған жарылыста үш Ирақ азаматы опат болған. Бағдадта олар мінген көлікке қол гранатасы лақтырылған кезде екі журналист пен екі американ әскері жарақат алған.
XS
SM
MD
LG