Accessibility links

Алматы-Прага әуе қатынасы ашылды


Желтоқсанның 18-і күні Чехия астанасына Алматы-Прага бағыты бойынша қатынайтын әуе рейсін ашқан "Эйр Қазақстан" компаниясының ұшағы келіп қонды. Прага әуежайында өткен тұсаукесер рәсімінде "Эйр Қазақстан" компаниясының өкілі Жаңбырбай Қайнарбаев сапар сәтті болды деп "Азаттық" радиосына мәлімет айтты: - Сөйтіп, аптада бір рет ұшыла береді. Мамыр айынан бастап аптасына екі ұшақ қоямыз деп ойлап отырмыз. "Боинг-737" деген ұшақпен келдік. Бұл жаңа ұшақ. Аптасына бір рет атқарылатын рейстің мақсаты - Қазақстанға саяхатшыларды тарту, Прагадағы қазақстандық студенттерге және басқа азаматтарға арзанырақ жол ұсыну.
XS
SM
MD
LG