Accessibility links

Байқоңырда “телефондық терроризм” кең етек алып барады.


БАЙҚОҢЫР: Байқоңырда “телефондық терроризм” кең етек алып барады. 22 желтоқсанда полицияға № 10 орта мектепке жарғыш қондырғы орнатылғаны туралы хабар түсті. Байқоңыр қалалық полициясының хабарлауынша, әлгі мектептің оқушылары мен оқытушылары дереу ғимараттан шығарылып, тінту жүргізілді. Жарылғаш табылмай, әлгі телефондық хабар жалған болып шықты. Соңғы кезде бұл осымен үшінші “телефондық терроризм” болып отыр деп хабарлайды Қазақстан тудэй.
XS
SM
MD
LG