Accessibility links

Қырғызстан: Діни бостандық жағдайы.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Қырғызстаннан келіп түсіп жатқан хабарларға қарағанда бұл елде тіркелген дін өкілдері де, тіркелмеген дін өкілдері де еркін жұмыс істеп жатса керек. Алайда, өткен жылы Қырғызстан түстігінде жабылған алты мешіт төңірегіндегі дау-дамай әлі толастамай отыр. Оған қоса осы түстік аймақта христиандықтың күшейе бастауы бұндағы мұсылман қауымының ашу-ызасын тудыруда.

Жуырда Норвегияның діни жаңалықтармен айналысатын 18-шы Форум жаңалықтар Агенттігінің тілшісі Игорь Ротар Бішкекте және Қырғызтанның түстік аймағында болып қайтты. Оның пайымдауынша бұл елде тіркелген, тіркелмеген діни қауымдар еркін жұмыс істеп жатыр. Әсіресе, тіркелмеген діни қауымдар бұл елде еркін іс-қимыл жасап жүргеніне риза.

"Талап бойынша діни қауымдар ресми тіркеуден өтуі керек. Егер, тіркелмеген болсаңыз да соншалықты тауқыметке тап бола қоймайсыз. Демек, Қырғыз ресбуликасындағы жағдай жақсы. Дінге сенушілер тауқыметке тап болып жатқан жоқ."

Ал, Орта Азияда діни белсенділерге көзқарас біркелкі емес. Мысалы, Түрікменстан мен Өзбекстанда тіркелмеген діни қауым өкілдері әртүрлі жазалауларға тап болады. Оның ішінде айыппұл төлеуден бастап, абақтыға дейінгі бірнеше жазалау түрлері бар дейді Орта Азияны аралап көрген норвег агентігінің тілшісі Игор Ротар. Оның жазуынша Қырғызстанда қудалауға ұшырап отырған жалғыз ғана діни қауым ол Хизб-ут –Тахрир. Бұл діни қауымға аймақта ислам халифатын құрмақ ниетте деген кінә тағылған. Өзге де Орта Азия елдеріндегідей Қырғызстанда да Хизб-ут-Тахрирдың жұмыс жасауына тиым салынған.

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Бішкектегі өкілі Маркус Миллер былай дейді:

"Жалпы алғанда бұнда діни топтар еркін жұмыс жасап жатыр. Өз басым бір проблема болғанын естіген емеспін. Тек, Хизб-ут-Тахрирді ғана кейбіреулер әскери ислам тобы деп есептейді."

Жалалабад ауданында өткен жылы 6 мешіт жабылды. Мешітті жабуға мешіттердің мемлекет қарауындағы жерге салынғаны себеп болды делінді. Тілші Ротар жинаған деректер бойынша Қырғызстан түстігінде іс-қимыл жасап жүрген яғни жергілікті халықты шоқындырып жүрген христиан миссионерлеріне деген қарсылық күшті. Ауылдық жерлерде халық шоқынғандарды мұсылман зираттарына жерлеуден бас тартқан. Бішкек тұрғыны Сталбек Нұрмамбет ұлы халықтың бүйтіп діндерге бөлінуі түптің –түбінде текетірес жанжалдарға алып келуі мүмкіні деп біледі:

"Қоғамдағы діни бөліну қарама-қайшы пікірлердің тууына алып келеді. Халықтың да бөлінуіне алып келеді. Кейбір діндер халықтың жоқшылық көріп отырған тұсын пайдаланып оларды өз мүддесіне тартуда."

Бұндай тәсілді пайдаланып отырған діни топтың қатарында Исус Христостың пятидесятниктер шіркеуі бар. Кәзірдің өзінде бұ шіркеудің Қырғызстанда 10 000 мүшесі бар көрінеді. Оның 40 пайызы қырғыздар болып отыр.
XS
SM
MD
LG