Accessibility links

Алматыда “Мәдени Мұра” бағдарламасына байланысты қоғамдық кеңестің алғашқы мәжілісі өтіп жатыр


Қаңтардың 14 і күні түстен кейін Алматыдағы президент резиденциясында «Мәдени Мұра» мемелекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы мәжілісі басталды.

Бұл жолғы кеңеске мемелекеттік хатшы Иманғали Тасмағамбетов төрағалық етіп отыр. 2004-2006 жылдарға арналған Мәдени Мұра мемелекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңеске мемелекет, қоғам, мәдениет қайраткерлері бар барлығы 23 адам кіріп отыр.

Сарсембі күнгі Алматыда бастылған алғашқы отырысқа қатысушы Мәдени Мұра бағдпарламасын жүзеге асыру жөніндегі кеңестің қоғамдық мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және Этнология Институтының директоры Мәмбет Қойгелдиев радиомызға өз ой пікірін білдірді. Оның айтуынша Қазақстандағы және көршілес мемелекеттердегі қазақ халқының тарихына байланысты мәдени мұраларды зерттеп, жинастыру мәселесі осы мәдени мұра атты бағдарламаны жүзеге асыру жолындағы негізгі мәселе болмақшы.

Ал Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығының төрағасының орынбасары Қалдарбек Найманбаев шетелдегі қандастарымыз қолындағы мәдени мұраларды жинастырып, елге әкелу мақсатында әлі де көп жұмыстың істелетіндігін айтты.
XS
SM
MD
LG