Accessibility links

Қытай Сыртқы істер министрлігі хабарына қарағанда, Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасы мәселесіне орай алты жақты келіссөздер Қытай жерінде өтпекші.


Бүгін таңертең Солтүстік Кореяның КСНА ақпарат агенттігінің хабарлағанындай, ресми Пхеньян аталған келіссөздердің 25-ші ақпанда өткізілуіне келісімін беріпті. Құрама Штаттары, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея және Жапон елдері арасындағы алғашқы келіссөздер өткен жылдың жазында Бежін қаласында нәтижесіз аяқталған болатын.
XS
SM
MD
LG