Accessibility links

Әскери орталық алдында болған бомбы жарылысынан ондаған жас өспірім қаза тапты.


АҚШ әскери кеңсесінен хабарланғанындай, бүгін сәрсенбіде Ирақтық жастарды армияға алар орталықта болған көліктегі бомбы жарылысынан кемінде 46 ирақтық қаза тауып, 50 дей кісі жарақат алған.

Ол арада болған Аббас Фатхил есімді жігіт , - 200 шақты жігіт тұрған жерге бомбы артқан көлік келіп соғылды. Ал американдықтар іште болғандықтан оларға ештеме болмады, дейді.

Американдық полковник Ральф Бейкер дің айтуынша, 100 келідей жарылғыш зат тиеген бір көлік бүгін таңертең Ирақ әскери орталығына келіп жас жігіттер тұрған жерге келіп соғылып жарылған. Ал ол апаттан 24 сағат бұрын Искандерия қаласында болған сондай бомбы жарылысынан, кемінде 50 адам мерт болған еді. АҚШ Қорғаныс министрі Рамсфельд Вашингтоннан тұрып мұндай шабуылдың бәрін түгелдей алдын алу мүмкін емес деп мойындады.
XS
SM
MD
LG