Accessibility links

Арқалық түрмесінде орын алған жағдайға Парламент депутаттары алаңдаушылық білдіріп отыр.

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Ақпанның 4-і күні қазақстандағы КТК телеарнасынан Арқалық түрмесінің қызметкерлері тұтқындарды аяусыз ұрып - соғып жатқанын айқындайтын бейнеспа көрсетілгені белгілі.

Осыған байланысты Парламент Мәжілісінің депутаттары мәселе көтеріп, осы мәселеге жауапты лауазым иелерінің түсініктеме беруін талап етті. Мәжілістің отырысына Әділет министрі Оңалсын Жұмабеков пен Бас прокурордың орынбасары Ілияс Бақтыбаев келіп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ отырыста КТК телеранасынан берілген бейнетаспа көрсетілді.

Әділет министрі Оңалсын Жұмабеков Арқалық түрмесіндегі жағдайға байланысты әділет министрілігі арнайы комиссия құрып, қазір жұмыс жасап жатқандығын айтты.

“Тексеріс барысында белгілі болғандай, осы жылдың қаңтар айында Арқалық түрмесінің корпус бойынша аға қызметкері Омаровтың өзінің берген жазбаша түсіндірмесі бойынша бұрын оған таныс болмаған, бір азамат оны қорқыту арқылы және материалдық сыйақы беретінін айтып, одан бейне сюжетті жүзеге асыра отырып, түрмеде сотталғандарды ұрып-солғу көрінісін түсіріп әкелуді өтінген. Үстіміздегі жылдың 11-і қаңтарында ауысымға түскен Омаров мекемеге бейнекамераны кіргізеді. Сол күні корпус бойынш аға қызметкері бола отырып Омаров бақылаушылар Дайыровқа, Дүйсенбаевқа және Байдрахмановқа сотталғандар Қаржауовты, Сайфуддиновты, Амановты, Сейткәрімовты серуендеу алаңына шығарып, оларды ұру көрінісін жасауға нұсқау береді. Аталған түрме қызметкерлері нұсқауды орындап, ал Омаров бейнкамераны жеңіне тығып жасырын бейнтаспаға түсіреді. Сол күні Омаров бейнежазбасы бар бейнекамераны өзі айтқан бұрын танымайтын азаматқа тапсырады. Енді тергеу өзінің жауабын беру керек. Бұл қылмысты ұйымдастырғна кім? Қылмыс болды деп санаймыз. Төрт түрме қызметкері де қазір қамауға алынды. Ал бұл қылмыс болытын ба еді, болмайтын ба еді?”

Алайда депутаттар министрдің жауабында қанағаттанбады. Депутаттардың пікірнше тұтқындарды ұрып соғу түзету орындарында күн сайын қолданылатын шара. Мәжіліс депутаты Асқар Қабанбаев әділет министріне қойған сауалында былай деді.

“Мынау осы система ма? Осы системаға сіздердің мекемелеріңіздің шамасы келе ме? Бүгінгі бейнетаспаны көргенне кейінгі сезіміңіз қалай? Осыдан кейін сіздің осы министрлікті басқаруға құқыңыз барма, жоқ па?”

Депутаттың сауалы көңіліне жақпаған министр Оңалсын Жұмабековтің жауабы:

“Ең алдымен айтайын мұндай жағдай система емес. Орын алады кейбір жерде,кейбір қызметкерлер сондайға барады. Онымен біз күресуіміз керек. Әрине әділет министрлігіне әзірше қиын. Бірақ мен өзім қабілетім, білімім, тәжірибем жетеді деп ойлаймын. Иә әділет органында болып жатқан уақиғаларға мен жауаптымын. Бірақ, жауапкершіліктің де түрі де, орын бар. Ал мен отставкаға кеті жөнінде шешімге келсем, қылмыстық атқару жүйесінде мүлдем заң бұзушылық болмайды деп кім айта алады? Біз оларға не істесек те ұнамаймыз. Тұрсақ сопақ дейді, отырсақ опақ дейді, жатсақ жалпақ дейді. Егерде сіз, не басқа азамат 20 мыңға жуық қызметкерлердің, 50 мыңға жуық бас бостандығынан айырылғандардың, 10 мыңға жауық тергеу изоляторларында отырған тұтқындардың бірде-бірі заң бұзушылыққа бармайды, қылмыс жасамайды. Осыны болдырмау менің қолымнан келеді десе. Мен осы бүгін осы отырған қылмыытық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Смағұловтың орнына сол депутатты,не азаматты ұсынуға дайынмын. Ондайды мүлдем болмайды деп ешкім кепілдік бере алмайды”.

Депутат Серік Әбдархманов өз сөзінде:

“Біз пәрменсіз болып отырмыз. Дәлелдей алмай отырмыз. міне соны мынау лауазым иелері пайдаланып отыр”.

Арқалық қаласында орналасқан жеке-дара түрмеде 210 қызметкер бар. Ондағы тұтқындардың 108-і аса ауыр қылмыс жасағандар,99-ы қасақана адам өлтіргендер. Ал 56-сы ауыр қылмыс жасағандар отыр.

Жұмабекотвің айтуынша, осы төтенше оқиғаның тексеру нәтижесі жақында Әділет министрлігінің алқасында қаралатын.
XS
SM
MD
LG