Accessibility links

Бүгін,Ақпанның 16-сында Алматыдағы «Арт-Нават» галереясында чех суретшісі Мирослав Бартактың «Әзілге шекара жоқ » деп аталатын көрмесі ашылады.


ҚазАқпараттың хабарлауынша, көрме Чех Республикасының Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен өткізілмек. Бұл – Қазақстан мен Чехия арасындағы мәдени-рухани ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың кезекті шарасы. Суретші Кошице қаласында 1938 жылы дүниеге келді. 1960 жылдан бастап әжуашы-безендіруші болып қызмет етеді. 1969 – 2003 жылдар аралығында Еуропада 70-тен астам жеке көрмелерін өткізген. 8 кітап пен 2 мультфильмнің авторы, 50 кітапты безендірген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG