Accessibility links

Еуроодақтың “үлкен үштігі” Одақ тұтастығы алаңдаушылық тудырып отырған тұста кездесті.


Сәрсенбі күні Германия Франция және Ұлыбритания жетекшілері Берлинде бас қосады. Бұл саммит Еуроодақ бағытын өзгертіп жіберуі мүмкін деген болжамдар бар. Алайда Германия канцлері Герхард Шредер, Франция президенті Жак Ширақ және Ұлыбритания үкімет басы Тони Блэирлер бұл саммит мақсаты Еуроодаққа бағыт сілтеу дегенді жоққа шығарады. Бір нәрсе анық. Бүгінде Еуороодақ бір жағынан орасан кеңейіп, екінші жағынан ортақ Конституция қабылдау машақатын бастан кешіп отырғаны анық. Енді бұ жәйлі толығырақ мәліметті әріптесіміз С.Е. дайындаған хабардан ала аласыздар

"Үлкен үштіктің" Еуроодақ тағдырына арналған Берлин кездесуі туралы хабарымызды тыңдадыңыздар

Еуроодаққа мүше елдер арасындағы "ауыр салмақты" үш ел Гурмания, Франция және Ұлыбритания жетекшілері сәрсенбі күні Берлинде бас қосады. Ал, бұл кездесуден тыс қалған Еуроодақтың шағын елдерінің арасында бұл "үлкен үштік" Еуроодаққа бағыт сілтеуге жиналып отырмасын деген күдік тууы да мүмкін. Бұлар Еуроодаққа бастық болудың рөлін ойнай бастады ма деген ой да тууы мүмкін. Оған дәлел сейсенбі күні Италия сыртқы істер министрі Франко Фратинидің Италия ақпарат құралдарында жарық көрген " Еуропа барлық тараптың қатысуымен дамуы керек" деген пікірі болып отыр.

Өткенге айналып көз салар болсақ, соңғы жылдары Еуроодақ Ирақтағы соғысқа деген көзқараста ортақ байламға келе алмады. Яғни Еуроодақ мүшелері арасында Ирақ соғысына қатысты қарама-қайшы пікірлер болді. Сондай-ақ, Еуроодаққа ортақ конституция қабылдау әрекеті де Еуроодақ мүшелері арасында қым-қиғаш пікірталас тудырды. Оған қоса бұл Одақ шығысқа қарай қанатын кең жайып келеді. Ол болса жаңа мүшелермен байырғы мүшелер арасында талай нәрселерді қайта тәптіштеу қажеттігін тудырды. "Үлкен үштіктің" осындай жағдайда бас қосуы осындай себептерден де бұл "үштік" өзге мүшелерге бағыт сілтегелі отыр ма деген күдік тудыруда. Алайда бұл үш ел жетекшілері біз тек алдағы көктемде болатын саммит алдында ортақ көзқарас қалыптастырайық деп едік дейді.

Енді талдаушылар пікіріне ден қоялық. Италияның Болзано қаласындағы Еуропа Академиясының маманы Габриел вон Тоггенберг:

"Егер де осынау үш мемлекет пен өзге де мүше мемлекеттер тобы арасында тұтастық нығая түсер болса, яғни, бұлай істеу барлық жақ үшін маңызды болса, онда ынтымақтастық қағидасын құрметтей отырып белгілі заңдар аясында олар бұндай қадамға бара алады".

Бұл бір талдаушының пікірі. Ал, Берлиннің Азат Университетінің маманы Инго Петерс болса, бұл үштік бағыт сілтеуші бейресми шешім қабылдағанның өзінде ол соншалықты наразылық тудырмақ емес деп біледі. Өйткені, Еуроодақ мүшелері Германия, Францияны бұл одақтың "моторы" ретінде мойындаған дейді.

"Британия ұстанымына келер болсақ бұ жәйлі "үшінші мотор" деген деп айтуыңызға болады".

Бұл талдаушы сондай-ақ Еуроодақтың өз ішінде осындай үштіктің болуы бұл одақ үшін пайдалы дейді.

Берлин саммитінде күн тәртібіндегі басты мәселе экономикалық мәселе. Британия сыртқы істер министрі Жак Строудың айтуынша бұл бас қосуда үш ел жетекшілері бүкіл Еуроодақ көлемінде жүзеге асуға лайық экономикалық реформа мәселесін қарамақ.
XS
SM
MD
LG