Accessibility links

БҰҰ-ң бас хатшысы Кофи Аннан Ирақ адамдарының тағдырына араласып, бақылау жасауға, Ирақта демократиялық үкіметтің орнауына ұйым өзінің бар күшін арнайтын болады деген.


Кофи Аннан Жапония парламентінде сөйлеген сөзінде сондай-ақ БҰҰ-ы Ираққа қайта оралуы үшін мұндағы қауіпсіздіктің толықтай орнағаны шарт деп те ескертіп өткен. -Біз оккупацияның аяқталуы мұндағы алаңдаушылықтың бәрін де жояды деп күтпейміз. Дегенмен де егер БҰҰ-ы халықаралық қызметі Ираққа тұрақты оралып, орталық ролді атқаруы керек дейтін болсақ, қауіпсіз ортаның болған аса қажет,-деген Бас хатшы. Аннан бұл сөздерді БҰҰ-ы дүйсенбіде 2005 жылдан бергі мезгілде Ирақта сайлау өткізу мүмкін болмайтын шығар деп жариялаған соң айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG