Accessibility links

Халықаралық азаматтық қорғаныс күніне орай Алматыда “Сақтық-2004” жаттығу шарасы өтті

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы жыл сайын 1 наурыз азаматтық қорғаныс күнін атап өтеді. Аталған ұйымға Қазақстан 1997 жылы мүше болып кірген. Бүгін халықаралық азаматтық қорғаныс күніне орай, Алматыда жер сілкінісі мен өзге де апатты жағдайлар кезінде шұғыл әрекет етуге қатысты “Сақтық –2004” командалық штабтық жаттығу шарасы өткізілді. Шараның мақсаты – басқару органдары мен азаматтық қорғаныс штабтары мен қызметтерінің болуы мүмкін күшті жер сілкінісіне дайындықтарын тексеру. Жер сілікінісінен қирап қалған үй астында қалып қойған адамдарды құтқару, жол көлік апатынан зардап шеккен жандарға жедел қызмет көрсету.

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің қызметкері Қайыржан Төрежановтың пікіріне қарағанда, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік қызметкерлерін бүгінгі күн талабына сай лайықты техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған,- деп айту қиын. Бірақ олар төтенше жағдай орын ала қалса көмекке келуге даяр. -Бүгінгі таңда құтқарушылардың құрал-саймандары бүгінгі таң талабына сай деп айту қиын. Әр облыста ір түрлі. Дәл қазіргі кезде агенттік құтқарушылары қай жерге болмасын, бірден шұғыл шығып кетіп, көмек беруге даяр. Бүгінде Шардара су қоймасында апаттан жедел құтарқару тобы жұмыс істеп жатыр.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Дулат Асқаров мырза да Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлері табиғат апаттарының алдын алуға дайын,- деді. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының 28/233 әскери полкінің командирінің орынбасары Марат Мәженов мырза ҚР үкіметі Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма жұмысына назар аударып отыр деп айту қиын,- дегенді айтады. -Қажетті деңгейде деп, айтсақ ол өтірік болып кетеді. Қазіргі күн талабына сай емес. Құрал-жабдықтыр әлі де болса толықтыруды талап етеді. Алматы қаласының тұрғыны Рашид Асқарбекұлының пікіріне қарағанда, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігін тосын жағдайларға дайын деп айту қиын. -Қандайда бір апатты оқиға орын алса 4-5 пайызын ғана құтқаруға ғана шамасы жетеді. Техникалық жағынан болсын, жұмысшы күші жағынан, қаржы жағынан болсын пісіп жетілуі қажет. Оларға көп жұмыс істеу қажет. Олардың жұмысының қаншалықты екені кешегі Шардара су қоймасындағы жағдайларда анық көрініп қалды.
XS
SM
MD
LG