Accessibility links

Соңғы кездері АҚШтың сыртқы саясатына наразы мұсылман елдері бұл мәселені талқылау үшін бүгін Малайзияда бас қосты.


Ислам конференциясы ұйымының төрағасы, Малайзия бас министрі Абдұлла Ахмад Бадауидың айтуынша, Ирақ пен Палестинадағы нашар жағдай Таяу шығыстағы тұрақтылыққа қауіп төндіруде. Абдұлла Ахмад Израил бас министрі Шаронның Палестін жерінен кету тұралы жоспарын қолдаған АҚШты сынап сөйлеген. АҚШ тың Ирақтағы әрекеттері басқыншы күштердің тірлігіне ұқсап кетіп отыр, деген .

Ұйым жетекшілері АҚШтан БҰҰның Ирақтағы рөлі жөнінде Қауіпсіздік кеңесі шешімін еңгізуді талап етеді. Бұл 57 елдік мүшелі ұйым егер Ираққа жіберілетін болса біз БҰҰйымын қорғау үшін өз қосындарымызды жіберген болар едік деген ұсыныс айтқан.
XS
SM
MD
LG