Accessibility links

Ядролық қақтығысты болдырмау мақсатындағы екі жақты келіссөзінен кейін Үндістан мен Пәкістан өзара жойқын қарудың сынақтарын тоқтатуға келісті.


Ядролық қақтығысты болдырмау мақсатындағы екі жақты келіссөзінен кейін Үндістан мен Пәкістан өзара жойқын қарудың сынақтарын тоқтатуға келісті. Делиде 2 күнге созылған келіссөзінен кейін екі елдің өкілдері кеше осындай бірлескен мәлімдеме жасады. Үндістан сыртқы істер министрлігінің өкілі Навтедж Сарна ядролық сынақтарды доғаратындарын екі жақтың да растағанын хабарлады. Оның айтуынша, “тараптар ядролық сынақтарын доғаратындарын растады. Мораторий – Үндістан мен Пәкістанның ұлттық қауіпсіздіктеріне қатер төнген де ғана күшін жоюы мүмкін”. Тараптар, сондай-ақ, болып қалуы мүмкін төтенше жағдайларға байланысты екі елдің басшылығы арасында тікелей байланыс орнату туралы уағдаласты.
XS
SM
MD
LG