Accessibility links

USAID ұйымы Орталық Азия елдерінде туберкулезге қарсы күрес жөніндегі жаңа жобасын жариялады

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Маусым айының 21-і күні Қазақстан үкіметінің түберкулезге қарсы күрес ұлттық бағдарламасына сай, АҚШ үкіметі мен Бирмингемдегі Алабама университетінің туберкулез жөніндегі Горгас атындағы қоры Қазақстанда мультирезистенттік туберкулезге қарсы күрес жөніндегі бағдарламасын жариялады. USAID халықаралық ұйымының өкілі Майкл Фритцтің айтуынша, Орталық Азия елдерінің 5 республикасында жарияланып отырған түберулезге қарсы халықаралық бағдарлама негізінен түберкулез ауруына бақылауды күшейту, мамандардың кәсібилігін көтеру, халық арасындағы түберкулез ауруынан болатын өлімді азайту, жергілікіті халықтың аталған ауру туралы сауатын көтеру мәселелерін, сондай-ақ түберкулез ауруының ең қауіпті түрі - мультирезинстенттік түберкулезді емдеу жағдайларын қарастырады.

Қазақстанда мұндай қауіпті дерт 2002 жылы 1052 адамда кездескен, ал 2003 жылы олардың саны 1500-ге жеткен. Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мен Халықаралық өкпе аурулары және туберкулезге қарсы күрес одағының есебіне қарағанда, әлемдегі мультирезистенттік туберкулезбен ауыратындар арасында осы дертке алғаш шалдыққандардың ең көбі Қазақстанда тұрады екен. Сондықтан USAID халықаралық ұйымы Орталық Азия елдеріндегі мультирезистенттік туберкулезге қарсы күрес жобасына 15 млн АҚШ доллар қаржы бөліп отыр,- деді Майкл Фритц мырза.

ҚР Туберкулез мәселелері жөніндегі ұлттық орталықтың директоры Ғалымжан Рақышевтің айтуынша, о бастан әлеуметтік деп танылатын құрт ауруы Қазақстан экономикасы дағдарысты жағдайда болған 90 жылдардың басында кең көлемде белең алған. Енді оның бетін қайтару қиын болып отыр. Оған мемелекеттік және үкіметтік деңгейді назар аударылуда. Алайда бірде бір ел осы ауруымен ауыратын науқастарын өздігінен арылта алмайды Сондықтан бізге көмек керек Халық аралық ұйымдар ұсынып отырған жаңа жобаны аймақтық және әлеуметтік жағдайларымызға бейімдей отырып енгізбекпіз, - дейді Ғалымжан Рақышев мырза. Оның айтуынша Қазақстан тұрғындарының әр 100 мың тұрғындарының 160-ы туберкулезбен сырқаттанады екен. Аурудың асқынып кең етек жаюына халықтың аталған ауружайлы сауатының төмендігі де себеп болып отыр.
XS
SM
MD
LG