Accessibility links

АСЕАН-ға мүше елдердің Индонезияда өткен бүгінгі жылдық жиналысы Солтүстік Кәрейдің ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келіссздердің әрі қарай жалғасуына қолдау білдірген мәлімдеме қабылдады.


Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы – АСЕАН-ға мүше елдердің Индонезияда болып өткен бүгінгі жылдық жиналысы Солтүстік Кәрейдің ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келіссздердің әрі қарай жалғасуына қолдау білдірген мәлімдеме қабылдады. Мәлімдемеде: “келіссөз процесінің жалаң сөзден нақты іске көшудің қажеттігін баса атап өтеміз” делінген. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Пауэлл бүгін Солтүстік Кәрейдің сыртқы істер министрі Пак Нам Сунмен жарты сағат жүздесіп, өзара пікіраолмасты. Кейінірек К.Пауэлл журналистерге Пхеньянның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер өте ауыр болды және оның шешімін тапқанша көп уақыт пен мол күш-жігер қажет болатынын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG