Accessibility links

Хан Юнустегі Палестина барлау агенттігі кеңсесіне қарулы топ шабуыл жасады


Олар тұтқында отырғандарды босатып, қауіпсіздік сақшыларына оқ атты. Оқиға үшін жауапкершілікті Әл-Ақса бригадасы өз мойнына алып отыр. Мұндай әрекет себептерін олар елдегі қауіпсіздік қызметі басшысы ретінде туысы, генерал Мұса Арафатты Палестина төрағасы Ясир Арафаттың кеше тағайындағанына қарсылық ретінде түсіндіруде. Бұл тағайындаудан кейін көшелерде қарсылық шаралары басталған болатын. Дәл осы оқиғалар тұсында үкімет басшысы Ахмед Кюрей қызметінен кететіндігі жөнінде өтінішін тапсырып отыр. Ясир Арафат өтінішті әл-әзір мақұлдай қойған жоқ.
XS
SM
MD
LG