Accessibility links

Баспасөзге шолу. 09-08-2004


Республикалық басылымдарда Бесландағы мектепті басып алуға қатысқандар террористердің арасында қазақ азаматы болды деген Ресей прокуратурасының мәлімдемесінің үстірт жасалғандығы хабарланыпты. Оған қоса Қазақстанның терроризммен күрес үшін Ресейден үлкен көлемде әскери тікұшақтар сатып алатындығы, Астанада қазақстандағы белгілігі кәсіпкер Александр Машкевичтің анасының аты берліген синагога салынып, оның ашылу салтанатында Қазақстан президентінің Маймонида деген халықаралық атаққа ие болғандығы баспасөз беттерінде кеңінен талқыланыпты.

Ресей прокуратурасы біздің азаматтың Бесландағы мектепті басып алуға қатысы бар деп мәлімедеме жасауда асығыстық танытты, - деп хабарлайды «Комсомольская правда Казахстан» газеті.

Қазақтанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі Ерлан Байжановтың басылымға деген түсіндермесіне қарағанда, Ресейдің құқық қорғау орындары Лабазанов деген біреуді қазақ деп қалып, оның кім екендігін анықтауды өтінген. Алайда, «әлі күнге дейін олар Қазақстан азаматтарының немесе этникалық қазақтардың терактілерге қатысы бар деген күдіктерін дәлелдей алмаған». Оған қоса террористердің ішіндегі шешендер мен ингуштардың арасында Қазақстанда туылғадары бар ма деген ақпарат та тексерілген. «Әйтседе, соның негізінде олардың біздің республикаға қатысы бар деп тұжырым жасауға болмайды ғой», - дегенді айтыпты Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері «Комсомольская правда Казахстан» газетіне.

Дегенмен, газеттің хабарлауына қарағанда, Қазақстан президенті қауіпсіздікті сақтау және қатерді адын-алу мақсатында қауіпсіздік саласына көбірек ақша бөліп, шекараларды нығайту мәселесін көтеріп отыр.

Айтқандай-ақ Қазақстан алдағы екі жылда әскери МИ-17 тікұшағын сатып алуды көздеп отырғандығын жазады «Экспресc К» газеті. Бұл жөнінде мәлімдеген премьер-министр Даниал Ахметов мұндай үлкен көлемдегі қару-жарақты сатып алудың мақсаты террористердің ықтимал іс-қимылдарымен күрес екендігінін хабарлапты. Газеттің мәлімтеттеріне қарағанда, жаңа машиналарды дәл қандай құрылымдар иемденетіндігі белгісіз. «Бәлкім, аса мұқтаж мекемелер ретінде Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер минитсрлігі мен төтенше жағдайлар бойынша агенттік алатын шығар. Қазақстандағы тік ұшақтардың соңғы кездегі құлауы олардың ескіргендігінен болғаны ешкімге жасырын емес», - дейді мақала авторы.

Алайда, «мұндай машина алу арзан ға түспейді», - дейді «Казахстанская правда» газеті. Оның әр данасын сатып алу үшін мемлекет шамамен 4,5 миллион доллар шығындауы тиіс. Бірақ газет тілшісі мұндай тікұшақтық үстемдігі әскери қақтығыстар кезінде әскери тапсырмасын орындау барысында байқаталатындығын айтады.

Әзірге «Қазақстанның 120 ұлт пен 45 конфессияның арқасында тұрақты дамып отырғандығын», - жазады «Экспресс К» газеті «Біздің үйімізге бейбітшілік» деген мақалада. Қазақстан президентіні Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы синагоганың ашылу салатында айтқан сөзіне сілтеме жасай отырып. Изариль раввині Йона Мецгер бұл ғимараттың мұсылмандық деп аталатын елдерде көп жылдардан кейін салынған алғашқы синагога екендігін айтып, Қазақстан президентінің еврей халқының тарихына кіргендігін мәлімдепті.

Ал Синагоганың өзі құрылысты қаржыландырған Еврей конгресінің президенті, Еуразиялық өнеркәсіп тобының жетекшісі Александр Машкеевичтің анасының құрметіне аталыпты. Израиль раввині Машкеевтің қызметін жоғар бағалай отырып президент Назарбаевқа: «Сіздің ресми сыртқы істер министріңізден өзге тағы бір ресми емесі бар. Ол – Александр Машкеевич», - дегенді айтыпты.

«Заң газеті» болса, Нұрсұлтан Назарбаевтың өркениеттер арасындағы диалогқа қосқан үлесі үшін тұңғыш рет тағайындалып отырған Маймонида атындағы халықаралық сыйлық алғанын хабарлайды. Аталған сыйлық 11-12-ші ғасырда өмір сүрген, ислам мен иудаизм арасындағы диалогтың негізін қалаған еврей философы Маймониданың құрметіне аталыпты. Раввин Мецгердің сөзіне қарағанда, Қазақстан президенті «басқа көрші елдерде жаугершілік, террор мен экстремизм өршіп тұрған кезде Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекетті тыныштық аралына айналдыра білген».
XS
SM
MD
LG