Accessibility links

Халықаралық 5 ұйым Украина президенті Л.Кучманың осыдан 4 жфыл бұрынғы оппозициялық журналистің қазасына қатысы барлығын дәлелдейтін таспанының ресми тергелуі ашық болмады деп айыптауда


Баспасөз құралдарының құқын қорғаушы халықаралық 5 ұйым Украина президенті Леонид Кучманың осыдан 4 жыл бұрынғы оппозициялық журналистің қазасына қатысы барлығын дәлелдейтін таспанының ресми тергелуі ашық болмады деп айыптауда. Өткен жұма күні Украинаның әділет министрлігі президент Кучманың оппозициялық журналист Г.Гонгадзені ұрлап алып кету жоспарын талдаған дауысы жазылған таспа – төмен сапалы қолдан жасалған таспа деп мәлімдеген болатын. Г.Гонгадзенің басы кесіп алынған денесі 2000 жылы Киевтің іргесінен табылды.
XS
SM
MD
LG