Accessibility links

«Облыс әкімі Тайыр Мансұров сайлау заңын өрескел бұзып отыр», – дейді Солтүсік Қазақстан облысынан Парламент депутаттығына бір топ үміткерлер

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Парламент Мәжілісі сайлауына санаулы күндер қалды. Осы уақыттың ішінде Орталық сайлау комиссиясына үміткерлерден жүзге тарта шағым-арыздар түскен. Олардың дені – жергілікті атқарушы биліктің сайлауға араласуы. Осындай өтініштің бірімен Солтүстік Қазақстан облысының нөмірі 55 - ші және 56 -шы сайлау округінен Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Қазақстан Президентіне өтініш жолдап отыр.

Олар Орталық сайлау комиссиясына арызданғанбыз дейді. Бірақ осы күнге дейін жауап болмаған. Сондықтан да «Президент Қазақстан азаматтары құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде Мемлекет басшысынан қолдау күтеміз», – дейді олар. Президенттен қолдау сұраған бес үміткердің төртеуі – өз өздерін ұсынушылар да, біреуі – «Отан» партиясының атынан ұсынылған. Жоғарыдағы үміткерлердің айтуынша, Солтүсік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров 55 –ші және 56 –шы сайлау округі бойынша сайлаудан жеңіп шығуы үшін үміткер Михаил Трошихин мен Иван Черкалинге бар мүмкіндікті жасап, көмектесіп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының барлық деңгейдегі әкімдері тек соларға ғана жұмыс істеп жатқандығын айтады Президентке өтініш жазған үміткерлердің бірі Эьдана Сәдуақасова. Облыс әкімінің өзіне жоғары биліктен тапсырма беріп отырған күш жоқ па деген журналистер тарапынан қойлыған сұраққа, «Отан» партиясының атынан ұсынылған үміткер Сабыр Қасымов «Жоқ, Тайыр Мансұров Президенттің қатыуымен болған үлен кеңестен бұрын үміткер Трошихинді қолдап жүрген», – деп жауап берді.



Алайда үміткер Сабыр Қасымовтың айтуынша, Үкімет басшысы Даниял Ахметов арнайы іс сапармен келген кезде, АИСТ одағынан түсіп жатқан үміткерлерді қолдайтындығын білдірген.



Ал Михаил Трошихин мен Иван Черкалин Аграрлық Қазақстан мен Азаматтық партиясының бірлескен «АИСТ» одағының атынан түсіп отыр.



Жоғарыдағы Президенттен қолдау сұрап отырған үміткерлердің сөздеріне сенсек, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров өздерін жеке қабылдап, кандидатураларын алып тастауын сұраған. Егер олай етпесе алдағы уақытта Петропавл қаласында жақсы өмір сүруге есік жабылатындығын айтқан. Президентке өтініш жазған үміткерлер, қолдарына дәлелді айғақтарын барын айтып, облыс әкімімен кездесу барысында диктафонға жазылынып алынған таспаны көрсетті. Осыдан кейін Солтүсік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұровтың қабылдау бөлмесіне хабарласқанымызда, хатшы қыз оның аудандарды аралап жүргендігін айтты. Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Жаслан Омаровқа хабарласқанымызда оның да іс сапарда екендігін жеткізді. Ал облыс әкімшілігінің жетекшісі Мәлік Кеңесбайұлының қабылдау бөлмесіндегі хатшы қыз оның сөйлесуге уақыты жоқ екендігін айтты.



Орталық сайлау комиссиясының мүшелері де аймақтарда іс сапарда көрінеді.



Ал Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесінің төрағасы Дос Көшім таяу арада облыстарды аралап келгендігін, онда жергілікті атқарушы билік тарапынан заң бұзушылықтар бар екендігін айтады.



Дос Көшімнің айтуынша, 1999 жылғы Парламент сайлауында сайлау заңын бұзғаны үшін 19 әкім қызметінен босатылған
XS
SM
MD
LG