Accessibility links

Израиль радиосының хабарлауынша, бүгін Газа аймағында палестиндік сарбаздар жол бойында тасадан атқылап, израильдік 2 жауынгерді оққа ұшырды


Израиль радиосының хабарлауынша, бүгін Газа аймағында палестиндік сарбаздар жол бойында тасадан атқылап, израильдік 2 жауынгерді оққа ұшырды. Шабуыл екі еврей қонысының арасындағы жол бойында болды. Одан бұрын Хамас тобының жасағы палестиндік босқындардың Джабалиа лагері маңында Израиль армиясының күзетін атып, израильдік 1 жауынгерді өлтірді. Таңертең Израильдің әскери тікұшақтары палестиндіктердің Газа аймағындағы нысандарына әуеден соққы берді. Бұл соққысымен Израиль эксремистердің Сдерот қаласын кешегі атқылауына есе қайтарған болды. Кешегі атқылаудан 2 бала қаза болып, кем дегенде 12 кісі жараланды.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG