Accessibility links

“Ауыл” партиясы келешекте оппозициялық партиялар қатарынан көрінyі мүмкін бе?

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

“Ауыл” партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Ғани Қалиев алдағы уақытта өзі жетекшілік етіп отырған партия оппозияциялық партиялардың қатарынан көрінуі мүмкін деп мәлімдеді. “Коммунистер”, “Ақ жол” және “Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық” партиялары бірлесіп құрған үйлестіру комиссиясының қыркүйек айында өткен Парламенттік сайлауда заң бұзушылыққа жол берілгендігі туралы пікірін “Ауыл” партиясы да қолдағандықтан, оған бақылаушы ретінде кіруді жөн көрдік -дейді Ғани Қалиев:

Әзірге бақылаушы ретінде кіріп отырмыз. Біз үйлестіру комиссиясының Парламенттік сайлауда заң бұзушылықтарға жол берілді деген позициясын қолдаймыз.Сайлау кезінде заңды белден басқан шенеуніктердің іс-әрекетін анықтау қажет. Ал үйлестіру комиссиясына толыққанды кіру мәселесін болашақ көрсетеді. “Коммунистер” партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасынов “Ауыл” партиясының бұл қадамын қолдаймыз деді: Ауыл партиясының бізге бақылаушы ретінде кіріген, олар үшін үлкен жетістік деп санаймын. Жалпы келешекте Ауыл партиясының бағыт-бағдары үйлестіру комиссиясын құрған партиялардың бағытымен ұштасады деп ойлаймын. Тек Ауыл партиясы ғана емес, басқа да саяси партиялар бізге қосылады деп сенемін. Саясаттанушы Жасарал Қуанышәлінің айтуынша, “Ауыл” партиясы болашақта оппозиялық партиялар қатарынан көрінуі де мүмкін: Бұл сайлау түпің-түбінде заңсыз болып мойындалуы тиіс. Ауыл партиясының осындай қадамға баруына да себеп болып отырған сайлау мәселесі. Ауыл партиясының оппозияциялық іс-әрекетін байқаған емеспін. Бірақ болашақта оппозиция жағына шығуы да мүмкін. Кім білсін? “Ауыл” партиясы алдағы уақытта оппозициялық партиялар қатарына өтеді деп ойламаймын деген пікір айтады саясаткер Бөріхан Нұрмұхамбетов: ауыл партиясы тек сайлауда орын алған заңсыздықтар үшін үйлестіру комиссиясына қосылып отыр. Ал партия келешекте оппозициялық партиялар қатарынан көрінеді деп ойламаймын. “Отан” партиясы төрағасының орынбасары Амангелді Ермегияев Парламенттік сайлауда заң бұзушылыққа жол берілді деген үйлестіру комиссиясы мүшелерінің пікірмен келіспейтіндігін айтты: Сайлаудың қортындысын қайта қарау керек деген бірді-бір бақылаушының пікірін естіген емеспін. Сол себепті сайлау заңсыз өтті деген пікірге қосылмаймыз. Қай партия қайда кірсе де өз еркі. Ауыл партиясы Үйлестіру комиссиясына бақылаушы ретінде “Ауыл” партиясы төрағасының орынбасары Ержан Сағындықовты ұсынып отыр.
XS
SM
MD
LG