Accessibility links

Арафат емделу үшін Парижге келіп жетті


Палестина президенті Ясир Арафат емделу үшін Парижге ұшақпен келіп жетті. Ясир Арафат әскери госпитальде емделеді, ұшақ Париж маңындағы әскери әуежайға қонды. "Палестинаны Азат ету" ұйымының 75-жасар құрылтайшысы Ясир Арафат Батыс жағалаудағы үйінен алдымен Амман қаласына иорданиялық тікұшақпен жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, Арафаттың қан құрамында ақау бар. Израиль Ясир Арафатты Рамаллахтағы үйінен екі жылдан астам шығармай отырған болатын. Израиль, дегенмен де, Ясир Арафатқа кеше шетелге шығуға рұқсат берді, емделген соң үйіне еркін орала берсін деп келісті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG