Accessibility links

Бағдадтың қақ орталығындағы білім министрлігінің жанында бомба қойылған автокөлік жарылып, кем дегенде 5 кісі қаза болды, одан көп адам жараланды


Ирақ астанасының қақ орталығындағы білім министрлігінің жанында бомба қойылған автокөлік жарылып, кем дегенде 5 кісі қаза болды, одан көп адам жараланды. Ирақ полициясының хабарлауынша, жарылысты жанкешті-лаңкес жүзеге асырған тәрізді. Ирақтағы АҚШ авиациясы Әл-Фаллуджа қаласына тағы бірнеше соққы берді. Түнгі соққылар қалада көтерілісшілер бас сауғалаған нысандарға берілген. Кеше Бағдадта экстремистер Сауд Арабиясы компаниясының кеңсесіне шабуыл жасап, 6 кісіні – оның ішінде АҚШ пен Непалдың бір-бір азаматы мен ирақтық 4 күзетшіні кепілдікке қамап алы кетті. Кейінірек 2 күзетшіні босатты.
XS
SM
MD
LG