Accessibility links

Еуропа Одағы Ирақта алдағы қаңтар айына белгіленген жалпыұлттық сайлауды қолдауға 16.5 млн. еуро немесе 21 млн. доллар қаржы бөлетінін мәлімдеді


Бүгін Еуропа Одағы Ирақта алдағы қаңтар айына белгіленген жалпыұлттық сайлауды қолдауға 16.5 млн. еуро немесе 21 млн. доллар қаржы бөлетінін мәлімдеді. ЕуроКомиссияның хабарлауынша, бұл қаражат Ирақтың сайлауды бақылаушыларын оқытуға, ақпараттық технологиямен қолдау көрсетуге және Ираққа ЕуроОдақтың сайлау бойынша сарапшыларын жіберуге жұмсалады. Ұсынылып отырған бұл қаражат ЕуроОдақтың Ирақтағы сайлауды қолдауға бөлген 31.5 млн-ға жуық ақша мен 2003 және 2004 жылдары Ираққа көмек ретінде бөлінген 320 млн. еуроға қосымша қарастырылып отыр.
XS
SM
MD
LG