Accessibility links

Абхазия президенті Владислав Ардзинба Сухумидегі жаппай тәртіп бұзу үшін бар жауапкершілікті Сергей Багапш пен оның үзеңгілестеріне жүктеді


Абхазия президенті Владислав Ардзинба Сухумидегі жаппай тәртіп бұзу үшін бар жауапкершілікті Сергей Багапш пен оның үзеңгілестеріне жүктеді. Абхазиядағы белгілі ғалым Тамара Шакрылдің қазасына себеп болған кешегі оқиғаны “мемлекеттік төңкеріс” деп бағалады. Кеше С.Багапштың жақтастары Сухумиде президент сарайы, парламент үйі және басқа да әкімшілік кеңселерін басып алған болатын. 3 қазандағы президент сайлауының жеңімпазы болып жарияланған Сергей Багапштың штабында Шакрылдің өліміне – шеруге шыққандарға қарсы оқ атқан президеғнт әкімшілігінің күзеті айыпты деп мәлімдеп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG