Accessibility links

Алматыда «Қазақстан және Батыс арасындағы диалог» атты халықаралық жиын жабық есік жағдайында өтіп жатыр


Желтоқсанның 8 і күні Алматыдағы «Анкара» қонақ үйінің мәжіліс залында «Қазақстан және Батыс арасындағы диалог» атты халықаралық жиын, жабық есік жағдайында өз жұмысын бастады. Бұл маңызды жиында «Батыстың көзқарасы яғни АҚШ пен Еуропаның стратегиялық мүддесі», «Қазақстандағы саяси процесс және деиократиялық реформаның болашағы», «Геосаясат және Қазақстанның стратегиялық мүддесі», сондай ақ, «Қазақстандағы экономикалық қал жағдай алдағы болашақ жоспар» тақырыптарымен баяндамалар қойылып, пікір таластар жүрілмекші.

Алматыдағы жиынға халықаралық деңгейдегі саяси тұлғалар: АҚШ президентігінен бұрынғы үміткер, сенатор Боб Доул, АҚШ тың БҰҰ –дағы бұрынғы елшісі Ричард Холбрук, Полышаның бұрынғы бас министрі Ежи Бузек, Канаданың бұрынғы бас министрі Жан Кретьен қатарлы саясаткерлер шақырылыпты. Ал Қазақстан жағынан Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев, Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин, президент кеңесшісі Ермұқамет Ертісбаев, министрлер Қасымжомарт Тоқаев, Владимир Школьник және Қайрат Келімбетов қатарлы билік өкілдері қатысып отыр. Батыс пен Қазақстан арасындағы қарым қатынас, ынтымақтастық мәселерін қарастырған бұндай халықаралық жиынның не себептен жабық есік жағдайында өтіп жатқанын білмек болып осы жиынды ұйымдастырушылардың бірінен (аты жөін атағысы келмеді) сұрағанымызда ол келісілген формат солай яғни жабық есік жағдайында өтіледі деп келісілген сондықтан ешкімді де ішке кіргізбейміз деді. Осы халықаралық жиынға шақырылмаған саясаткер Дос Көшім бәлкім Грузиядағы және қәзіргі Украйнадағы жағдайлар билікке үлкен ой салған болуы керек. Сондықтан олар батыстың бұрынғы билік сатыларында болған саясаткерлерін шақырып елдегі демократияның табыстарын баяндап алда не істеу керектігін ақылдаспақ болар деп сырттай тон пішеді. Ал қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев бұндай маңызды халықаралық жиынға журналистердің жіберілмеуін үлкен қателік деп есептейді. Саясаткер Болатхан Тайжан болса шетелдерден шақырылғандардың бүгінгі күні әлем саясатында онша үлкен салмақтары жоқ екендігін олардың ешнәрсе шеше алмайтын адамдар екендігін айтады. Жиын екі күнге жалғасады.
XS
SM
MD
LG