Accessibility links

«Қарапайым халық депутаты» тобына кімдер кіреді


Желтоқсанның 22-і күні болған Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ерасыл Әбілқасымов бір мандатты окургтерден сайланған әріптестерін «Қарапайым халық депутаты» тобына мүше болып кіруге шақырды. Ол Тоқтар Әубәкіровті, Мұхтар Шахановты, Амалбек Тшановты, Болат Әбішевті және өзін тәуелсіз депутат деп санайды. Осы тәуелсіз депутаттардан құрылған топ ұйықтап жатқан Парламентті ояту үшін жұмыс істейтін болады дейді депутат Ерасыл Әбілқасымов:

-Парламентте 70-тен сатамы биліктің депутаттары. Мен біздің Парламентте тәуелсіз депутаттар бар деп айта аламын. Солардан депуататтық топ құру керек. Мен,Тоқтар Әубәкіров және Мұхтар Шаханов сияқты азаматтар мына Парламент нағыз балота болып кетпес үшін керек. Бұларды оятып,түрлі мәселе көтеріп отырмаса болмайды.

Ерасыл Әбілқасымов атаған депутаттардың бір қатары Қарапайым халық депутаты тобына кіруге әлі дайын еместіктерін айтады. Мәжіліс депутаты Болат Әбішевтің айтуынша:

-Мені халық сайлағаны рас. Мен бұл топқа кіру үшін ойланамын.Өз пікірім бар.

Депутат Мұхтар Шахановтың пікірне тоқталсақ:

Қазір бұл ұсынысты зерттеп жатырмын. Жалпы Әбілқасыов мен үшін жаман жігіт емес. Шешімміді кейін айтамын. Мен бірақ ешқандай партияға кірмеймін.

Билікке жақын депуаттардың бірі Ерасыл Әбілқасымовтың өзі дейді депутат Амалбек Тшанов:

-Бірінші өзімен сөйлесіп көреміз.Бұл топтың бағыты қандай екендігін білуіміз керек. Жалпы Әбілқасымов өзін биліктен алшақ ұстағанысенімсіздеу. Өйткені ол нағыз билдіктің адамы. Барлық ақпаратты оған үлкен үйден әкеліп отырады. Ол өзі екі пікірді ұснататын адам. Бұл Парламенттегі тәуелсіз депутат деп мен Тоқтар Әубәкіровты ғана айта аламын.

Әріптесі Әбілқасымовтың парламентте биліктің мүддесін қорғайтын депутатар саны басым деген пікіріне қосыла бермеймін дейді Отан партиясының мүшесі, депутат Бәғилә Баймағамбетова:

-Мен өзім бір мандатты округтен сайландым. Сайлаушыларыма Отан партиясының мүшесі екендігімді де айтқаным жоқ. Мен Әбілқасымовтың бұл пікрімен келіспеймін. Отан партиясының тізіміндегі депутаттар саны көп шығар.

Мәжіліс депутаты Серік Әбдрахмановтың Қарапайым халық депутаты тобын құру туралы ұсынысқа көзқарасын білгенімізде:

-Нағыз биліктің адам Әбілқасымовтың өзі ғой.Құрсын тобын. Большевиктерді жинай ма көреміз. Құдай жолын берсін.

Парламент Мәжілісіндегі 76 депутаттың 53-і Отан партиясынан, 17-і АИСТ бірлескен болгынан, 4-і Асар партиясынан, ал қалған екеуі ешбір партияға кірмейтін депутаттар.
XS
SM
MD
LG