Accessibility links

Дж. Буш екінші мерзімге сайланған АҚШ-ң 43-ші президенті ретінде кеше ант берді


Ол алдағы төрт жылды бүкіл әлемге әділдік пен бостандық әкелу үшін жұмсаймын деді. Оң қолын Библияға қойып тұрып ант бергеннен кейін Дж Буш Америка халқына арнаp сөз айтты: -Біз тұрақты түрде әрбір билеуші мен әрбір ұлтқа күш көрсетудің дұрыс еместігін, ал бостандықтың дұрыс екендгін айтып, сол таңдауды ұсынатын боламыз. Америка түрмеге жабылған диссиденттер мен қорлық құлдық көрген әйелдерге жай қарап тұрмайды, кез келген жанның бұзақылардың таптауында қалғанын қаламайды. Буш барлық адам азаттықты қалайтынына көзім жетеді деген. Ол сондай-ақ түрлі дәстүр салтты ұстанатын ұлттарға АҚШ өзінің жүйесін күштеп таңбайды деп атап көрсетті. Салтанат кезінде қауіпсіздік жағдайына ерекше көңіл бөлінді. Инауграцияға шамамен 500 мыңдай адам жиналды.
XS
SM
MD
LG