Accessibility links

Грузия бас министрі Зураб Жвания өзін-өзі өлтірген болуы мүмкін


Бүгін Грузия полициясы осы аптада досының үйінде газбен уланып өліп жатқан жерінен табылған премьер-министр Зураб Жвания өзіне-өзі қол жұмсаған болу керек деген болжам айтты. Президенттік рақымшылық жасау комиссиясының 32 жасар мүшесі Георгий Хелашвилидің денесі де жұма күні түнде үйінен табылған. Полицияның ресми өкілі Иракли Пирхалала Хелашвили көршісінен алған тапаншадан өзіне-өзі оқ атқан дегенді айтқан. Ол сонымен бірге отбасынан кешірім сұраған хат жазып, қалдырып кеткен. Хелашвили Жвания бастаған Біріккен деомкраттар саяси блогының мүшесі болған. Кеше шенеуніктер Жвания өлімінің ресми себебі жылыту пешіндегі ақау салдарынан шыққан ыс газымен улануы деп айтқан болатын. Бүгін Грузия астанасына Жванияның жексенбі күні өтетін жерлеу рәсіміне қатысу үшін шетелдік делегациялар келе бастады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG