Ресейдің сытқы істер министрі С.Лавровпен Киевтегі кездесуі барысында Украина президенті В.Ющенко өзінің ресейлік әріптесі В.Путинді келесі айда Украина сапарға шақырды. С.Лавровтың атап көрсетуінше, Украина президентінің В.Путинді сапарға шақыруы – Мәскеу мен Киев арасындағы ертеден келе жатқан достық қарым-қатынасты нығайту мақсатын көздейді. Ресей сыртқы істер министрі бүгін Киевте Украина премьері Ю.Тимошенкомен де келіссөз өткізді.