Accessibility links

Ирақтағы қантөгіс әлі толастамай тұр; бұрынғы диктатордың бауыры қолға түсті


БАҒДАД. Ирақта бұрынғы диктатор Саддам Хусеиннің бауыры әрі кеңесшісі тұтқындалды. Сабауи Ибраһим Хасан Ат-Тикрити – Ирақтың ішкі қауіпсіздік қызметін басқарды. Ирақ режимінің бұрынғы өкілдерінің ішінен АҚШ тарапынан іздеу жарияланған 55 адамның тізімінде ол 36-ншы болып тұрды. Кеше Мосул қаласының шетінде болған жарылыстан кем дегенде 8 адам опат болды. Олардың ішінде Ирақтың қауіпсіздік қызметінің өкілдері де бар. Осы күні Бағдадтың іргесінен басынан оқ тиіп өлген 5 адамның денесі табылды және АҚШ-тың қаржыландыруымен жұмыс істейтін Ирақ телекомпаниясы тілшісінің автокөлігін белгісіз біреулер тасадан атқылап, жүргізуші оққа ұшты, ал журналист жарақат алды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG