Accessibility links

С.Хусеиннің бауыры Ат-Тикритиді тұтқындауға Сирия көмек берді ме?


БАҒДАД. Ирақта бұрынғы диктатор Саддам Хусеиннің бауыры әрі кеңесшісі тұтқындалды деп хабарлады кеше Ирақ үкіметі. Сабауи Ибраһим Хасан Ат-Тикрити – Ирақтың ішкі қауіпсіздік қызметін басқарды. Ирақ режимінің бұрынғы өкілдерінің ішінен АҚШ тарапынан іздеу жарияланған 55 адамның тізімінде ол 36-ншы болып тұрды. Ирақ үкіметі Ат-Тикритиді елдегі көтерілісті Сириядан басқарып отырды деп айыптап келді. Оның қалай қолға түскені белгісіз. Бірақ, Ирақ үкіметінің аты-жөнін атамаған өкілі Ат-Тикритидің қолға түсуіне Сирияның көмегі болғанын хабарлады. Дамаскінің өзі әзірше сыр білдірмеді. Сирия Ливанның бұрынғы премьері Әл-Хариридің қастандықтан опат болуына байланысты Вашингтон тарапынан қысым көріп отыр. Ливан оппозициясы Әл-Хариридің өлімі үшін Сирияны айыптауда.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG