Accessibility links

Д.Морган: “Гималайдағы мәңгілік мұздың тез еруі Батыс Қытай мен Непалды және Үндістанның солтүстігін экономикалық және экологиялық зор апатқа ұрындырады.


ЖЕНЕВА. Швейцарияда орналасқан табиғатты қорғау бойынша Халықаралық қордың бүгін (дүйсенбі күні) жариялаған есебіне сәйкес, ғаламдық ауа райының жылуы нәтижесінде Азия тауларындағы мәңгілік мұз қатпарының еріп жұқаруы жеделдеп, қазір жұқаруы жылына 10-15 метрге жеткен. Аталмыш қордың өкілі Дженифер Морганның мәлімдеуінше, Гималай тауындағы мәңгілік мұздың тез еруі, алдымен, орасан зор су тасқынын туғызады; бірақ алдағы бірнеше онжылдықта су деңгейінің күрт төмендеуіне соқтырып, Батыс Қытай мен Непалды және Үндістанның солтүстігін экономикалық және экологиялық зор апатқа ұрындырады. Гималай тауының мәңгілік мұзы Қытай, Непал және Үндістандағы ірі 7 өзенге еріп құяды.
XS
SM
MD
LG