Accessibility links

Миы қатты зақымданған Терри Шаивоның бірнеше күндік қана өмірі қалған болуы мүмкін


Флорида штатының мемлекеттік төрешісі науқастың ағзасын қоректендіріп тұрған түтікшені қайта жалғау жөніндегі ата-анасының өтінішін қанағаттандырмады. Науқас әйелдің ата-анасының адвокаты енді өздерінің Жоғарғы сотқа қайрылатындықтарын айтқан, бірақ, ол сот бұған дейін Шаиво ісіне араласудан бас тартқан болатын.

Мемлекеттік төреші Джорж Гриир 18 наурызда қорек беріп тұрған түтікше ажыратылғанға дейін, науқас өзінің өмір сүргісі келетінін айтуға талпынды деген ата-анасының уәжіне құлақ аспады. Дәрігерлер науқастың жаны қатты күйзеліп, оның қиналысты, түсініксіз дыбыстар шығаратын сәттері тұрақты болып тұрады дейді.

Терри Шаивоның күйеуі соттағы жеті жылдық айтыс-тартыстан кейін, миы қатты зақымданған әйелінің ағзасын қоректендіріп тұрған түтікшені ажыратуға Флорида сотының рұхсатын өткен жұмада алған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG