Accessibility links

Кеше Еуропа елдері 2-дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 60-жылдығын тойлады


БЕРЛИН-МӘСКЕУ-ВЕНА-ПАРИЖ: Кеше Германия полициясы Берлиндегі Александерплац алаңында 3 мыңдай неонацисті қоршап алды. Осы неонацистердің шеруіне жол бермеу үшін 5 мыңдай антифашист бас қосты. Бранденбург қақпасы алдында ресми билік өкілдері мен 10 мыңдай халық “Демократия күні” мерекесіне қатысты. Мәскеуде Ресей президенті В.Путин мен ТМД елдерінің лидерлері 2-нші жүниежүзілік соғыс ардагерлерімен бірге “Үлкен театрдағы” Жеңіс күнінеен арналған мерекелік концертті тамашалады. Аустрияда бүкіл Еуропадан жиналған балалар 1945 жылы одақтастардың күштері босатқан фашистердің соңғы концлагері – Маутхаузеннің құрбандарына арнап 100 мың шырағдан жақты. Парижде Франция президенті Жак Ширак Белгісіз жауынгердің зиратына гүл шоғын қойды.
XS
SM
MD
LG