Accessibility links

Еуропа соты Оджаланның шағымы жайында шешім шығармақ


Адам құқықтары жөніндегі Еуропа соты бүгін күрд көтерілісшілерінің басшысы Абдұлла Оджаланның шағым арызы жайында шешім шығармақ. Францияның Страсбург қаласында орналасқан сот шешімді Оджаланның пайдасына шығарса оның соты Түркияда қайта өткізілуі мүмкін. Оджалан күрд көтерілісшілерінің қанды науқандарын бастағаны үшін Түркияның Имрали деген шалғай аралында өмірлік абақтыда жатыр. Еуропа сотының төменгі палатасы Оджаланның кейбір талаптарын 2003 қабылдаған болатын. Бұдан соң Оджалан да, Түркия үкіметі де Еуропа сотының жоғары палатасына арыз түсірген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG