Accessibility links

Әндіжанда қырылған халық саны жайында тағы қарама-қайшы мәлімет жарияланды


Бүгін Өзбекстан ішкі істер министрі Зәкір Алматов Әндіжан қаласындағы қақтығыста 108 бейбіт азамат және 32 сақшы қаза болды деп бұған дейінгі айтылғаннан мүлдем басқа ресми мәлімет айтты. Ал күні кеше Өзбекстан бас прокуроры Рәшид Қадыров 32 сарбаз және бұлардың сыртында 137 азамат қаза тапты, олардың көпшілігі террористер, араларында шетел жауынгерлері бар деп айтқан еді. Оппозиция белсенділерінің бірі Әндіжанда 500-ден астам адам қаза тапты десе, екіншілері қаза болған 745 адамның аты-жөндерін анықтадық дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG