Accessibility links

Әзірбайжандық ресмилер Грузиядағы әскери қондырғылардың Арменияға өткізілуі жөніндегі ұсынысына байланысты наразылық білдіруде


Әзірбайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Араз Әзимовтің жұма күні айтуынша, осыған дейін Ресей Грузиядағы өз әскери қару-жарақтарын Арменияға алып кеткен болатын. Әзимовтың айтуынша, Баку Ресейдің ол әрекетіне қарсы болып отыр.

Ал орыс әскери штаб бастығы, генерал Балуевскидің айтуынша, бұл шара Грузиядағы әскери базаларды тезірек жоюға қажет екен. Грузия соңғы жылдары Ресейден әскери қосындарын өз аумағынан жедел алып шығып кетуін талап етіп келеді.
XS
SM
MD
LG