Accessibility links

Қырғызстан ішкі істер министрі Субаналиевтің айтуынша, Бішкекте полиция күштері мен шерушілердің арасында болған қақтығыста 300-дей адам тұтқындалған


Наразылық шеруіне 2000-дай адам қатысқан. Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев, жұма күнгі оқиғаларға қызметінен кеткен Асқар Ақаевтің қолдаушылары кінәлі деп айыптады.

- Меніңше, біз Асқар Ақаевпен тікелей сөйлесіп, оның мұндай оқиғаларға жол бермеуін талап етуіміз керек, - деді Құрманбек Бакиев.

АҚШ Қырғызстанда үкімет ғимаратына басып кірген қауымды айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG