Accessibility links

Бүгін Ирақ астанасының орталығында жарылған үш көлік бомбасынан кемінде 17 адам мерт болып, 28 адам жарақат алған


Жарылғыш зат қойылған көліктің бірін жанкешті жүргізген болуы керек. Жарылыстардың бірі полицияның тексеру бекетін нысанаға алса, екіншісі шииттер мешітінің жанында, ал үшіншісі Бағдадтың орталығындағы сауда көшелерінің бірінде жарылған.

Сондай-ақ, бүгін Рамади қаласында болған атыста үш АҚШ солдаты опат болыпты. Бүгін Ирақтағы жапон әскерлерінің көлік керуеніне де шабуыл жасалған. Ал кеше кешкісін Бағдадта орын алған жарылыстан кемінде 18 адам өліп, 48 адам жараланған еді.
XS
SM
MD
LG